КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ
2023 жылы онлайн платформасы арқылы басталған «Шет тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми конференциясы жыл сайынғы іс-шара мен дәстүрге айналдыру мақсатына негізделген. «Шетел тілдерін оқытудағы өзекті мәселелер – 2025» тақырыбындағы 3-ші Халықаралық ғылыми конференция ағылшын және түрік тілдерін оқыту қауымдастығына, сондай-ақ сабақтас салаларға теория мен практика арасындағы байланысты ілгерілету және оқытудың әртүрлі перспективаларын зерттеу үшін көрнекті академиялық платформаны қамтамасыз ете отырып әртүрлі контексттегі зерттеу нәтижелерін ұсыну үшін онлайн ұйымдастырылып отыр.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы тарапынан ұйымдастырылып отырған «Шетел тілдерін оқытудағы өзекті мәселелер – 2025» тақырыбындағы 3-ші Халықаралық ғылыми конференция Ағылшын филологиясы кафедрасының 30 жылдығына арналады. Бұл кафедра ерекше маңызға ие, өйткені 2020 жылы дәл осы кафедрадан Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы бөлек бір кафедра ретінде негізін тапты. Педагогикалық шетел тілдер кафедрасының оқытушыларының едәуір бөлігі Ағылшын филологиясы кафедрасының түлектері болып табылады, ол Түркістан өңірінде ағылшын тілі мұғалімдерін даярлаумен айналысатын негізгі мекеме ретінде танымал. Осы кафедраның құрылуы мен табысты жұмысы оның негізін қалаушы, профессор Тажімурат Баймаханның көреген басшылығымен тығыз байланысты. Оның ағылшын филологиясы мен тіл білімін дамытудағы баға жетпес үлесі әлі күнге дейін сақталып келе жатқан мұра болып табылады.
Халықаралық ғылыми конференция шет тілі мұғалімдеріне өз білімдері мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беруге бағытталған. Қатысушылар ағылшын және түрік тілдерін оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер және озық тәжірибелер туралы соңғы зерттеулерін ортаға қояды. Сондай-ақ бұл конференция тіл мұғалімдеріне әріптестерімен, зерттеушілермен және осы саладағы мамандармен тәжірибелерін, идеяларын және ресурстарын бөлісу үшін желілік мүмкіндіктерді қамтамасыз ету арқылы ынтымақтастық пен қоғамдастықтың дамуын арттырады. Сонымен қатар тіл үйретуде жаңа идеялар мен тәсілдер алмасуға ынталандырады. Педагогтар шетел тілін оқыту барысындағы өзекті мәселелерді талқылайды, өз салалары бойынша жаңа ақпараттармен бөліседі, және тіл үйрену үшін жаңа әдістердің қолдану жолдарын таныстырады.