Баяндама мәтініне қойылатын талаптар
Баяндама мәтініне қойылатын талаптар:
1. Баяндаманың (мақаланың) көлемі 6-8 беттен (А 4 форматы) аспауы тиіс, шрифт - 14 MS Word бағдарламасы. Кестелер, диаграммалар, суреттер тақырыптарымен берілуі және Windows бағдарламасында жинақталған болуы керек.
2. Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см., Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 14
3. Қатараралық интервал - 1. Абзац: 1 см.
4. Баяндаманың соңына әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме жақшаға алынып, пайдаланылған әдебиеттің авторы, жылы және беті көрсетіледі. Мысалы: (Richardson, 2005:3).
- Мәтін құрылымы Мақала атауы, Түйін, IMRAD - мұндағы I – Introduction (кіріспе), M – Methods (әдіс-тәсілдер), R – Results (зерттеу нәтижелері), A – және, D – conclusion+ discussion (қорытынды, нәтижелерді талқылау және тұжырым), Әдебиеттер тізімі, Қосымша халықаралық формуласына сәйкес рәсімделуі шарт.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
МӘТІНДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
(ортада мақаланың толық атауы бас әріптермен жазылады)
доцент Умарова Гулдана
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
e-mail: .....................@ayu.edu.kz
(автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны, E-mail)
Түйін. 150 сөзден кем емес, алдымен, мақала жазылған тілде, содан кейін ағылшын және түрік тілдерінде орын алады.
Кілт сөздер.Әрбір түйіннен кейін түйін жазылған тілде 5 сөз.
КІРІСПЕ.
Мәтін... Мәтін... Мәтін...
Тақырыпшалар – сол жақтан, қалың және бас әріптермен.
Баяндама сілтемелері APA 7 стилінде жасалуы тиіс.